«Ұрлыққа тоқтау» жобасының арқасында Тарбағатай ауданында мал ұрлығының саны еке есе азайған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тарбағатай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен ведомствоаралық кеңес өткізді. Шара барысында мал ұрлығы жайлы тереңірек сөз қозғалды.
Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биыл Тарбағатай ауданында ұрлық фактісі 15%-ға төмендеген. (65 тен 55-ке). Ал мал ұрлығының саны 50%-ға азайыпты (38-ден 19 фактіге).
Прокуратура әлі де бірқатар мәселелердің шешімін таппағанын алға тартуда. Мысалы, 17 ауылдық округтің 5-інде мал табынын ұйымдастыру шарасы қолға алынбаған.