Тарбағатай ауданында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келген жолаушыларға медициналық бақылау жасалмақ

504
көрілім

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов коронавирустің алдын алу мақсатында азық-түлікке мониторинг жасап, әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің бағасын бақылауға алды, деп хабалайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Серікқазы Құсайынұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Белгілі болғандай, аудан әкімі әр ауылдағы бөлім басшылары мен мәслихат депуттарына тиісті тапсырмалар беруде. Бұл ретте аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Е.Тоқтасынов мәлімдеме жасап, азық-түлік дүкендері, тамақ сататын базарлар мен дәріханалардың жұмысы тоқтатылмайтындығын жеткізді.

– Асханалар ішінара жұмыс істеп тұрады. Бір айта кетерлігі, аталған орындарда жүйелі түрде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Түнгі клубтар, кинотеатр мен театрлар, музей және өзге де тұрғындар көп жиналатын орындардың жұмысы уақытша тоқтайды, – деді ол.

Аудан әкімінің айтуынша, Тарбағатайға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келгендерге медициналық бақылау жасау керектігі жөнінде аудандық орталық аурухананың бас дәрігері мен аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына тапсырма жүктелді.