Тарбағатай ауданында орташа жалақы 30%-ға өседі

9017
көрілім

Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мерейғалы Көшкінов Көкжыра, Ақсуат және Жантікей ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер енгізілген тұста Тарбағатай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 17 мың адам азықтүлік, тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. 1211 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілген. 2,9 мың тұрғынға коммуналдық төлемдерінің шығыны төленді. «Bizbirgemiz» қорынан аудан бойынша 1621 тұрғынға 50 000 тенге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді», – деді Мерейғалы Көшкінов. 

Оның айтуынша, ауыл халқының табысын арттыру үшін бірқатар шаралар атқарылмақ. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін 9 ауылдық округ аумағында бордақылау алаңдары құрылып, аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығы дамиды. Сондай-ақ бентонит өндіру зауыты ашылып, Тұғыл ауылында жұмыс істеп тұрған балық өңдеу кәсіпорындары кеңейтіледі. Бордақылау алаңдары да ашылып, ет өндіру сапасы жылына 110%-ға, асыл тұқымды мал саны 166,4%-ға артады. Нәтижесінде халықтың табысы 20%-ға, орташа жалақысы 30%-ға өспек.
Жұртшылық Nur Otan партиясын қолдайтындығын, бағдарламада көрсетілген жоспарлардың көңілге толатындығын жеткізді.  

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы сайлау қорының қаражатынан төленді