Тарбағатай ауданында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде бес тоннаға таяу ет өнімдері саудаланды

679
көрілім
Фотосурет - otyrar.kz сайтынан

Тарбағатай ауданының үш ауылында өткізілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде бес тоннаға таяу мал еті мен 2,5 тонна картоп саудаланды, деп хабарлайды газет тілшісі Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтына сүйене отырып.

2018 жылдың 26 мамыр күні Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында Тарбағатай ауданның барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өткізілді.

Жәрмеңкеде саудаланған өнімдер сауда базарлары мен сауда дүкендеріндегі бағадан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланды. Атап айтқанда, 200 келі жылқы етінің әр келісі - 1400 теңгеден, 4050 келі ірі қара етінің әр келісі - 1200-1300 теңгеден, 460 келі қой етінің әр келісі- 1200 теңгеден саудаланса, 2,5 тонна картоптың әр келісі - 110 теңгеден сатылды.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ