Өңір тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тарбағатай ауданындағы тас жолдың бірінде көлік кузовында сиыр тиеп алған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кейін шаруа қожалықтарының біріне тиесілі жайылымнан ұрланғаны, ал мал иесі оның ұрланғаны туралы тіпті білмегені анықталды.
- Мал ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның аясында 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыстың автожолдарында 700-ден астам қызметкер қызмет атқаратынын атап өтті. Бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, өлім мен жарақаттану деңгейін төмендетуге баса назар аударылады. Көлік құралдарының жүргізушілеріне полицейлер тоқтатқан кезде ақпараттық буклеттер таратылатыны, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірілетіні, сондай-ақ күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.