Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасов ауылдарда жұқпалы дерттің алдын алу шараларын қадағалау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатымен Қызылкесік ауылдық округінде медициналық бекеттің жұмысын қарап шықтым. Ол жердегі тиісті мамандар кезекшілікпен бақылау-қадағалау жұмыстарын атқарып тұр. Тағы бір атап айтарым, қалалардан қатынайтын такси жүргізушілері Қызылкесік және Боғас бекетінен бері өткізілмейді. Ал біздің ауданның жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне қалаға қатынауға шектеу қойылды, – деді Серікқазы Құсайынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
tarbahatay_audanynda_taksi_zhurgizushileri
63