Тарбағатай ауданында үш жаңа медициналық мекеме салынып жатыр

169
көрілім

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, медициналық мекемелер Байтоғас, Асусай және Жамбыл ауылдарында бой көтереді, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында салынып жатқан нысандар шалғайдағы елді мекен тұрғындарына тиісті көмек алып қана қоймай, медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға мол мүмкіндік береді.
- Үш медициналық мекеме құрылысы басталып кетті. Қазіргі уақытта жасырын қабырғалар мен аралық қабырғаларды кірпішпен қаптау жұмыстары жүріп жатыр, - делінген ведомствода.