Тарбағатай ауданында биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша жұмыссыздар саны өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылы Тарбағатайда 339 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Биыл бұл көрсеткіш 355-ке артып отыр.
– Халықты жұмыспен қамту мақсатында 188 адамды қоғамдық жұмыстарға орналастырдық. Жастар іс-тәжірибесіне 43 адам жіберілді. Жалпы құрылған әлеуметтік жобалар 30 бірлікті құрайды. Сонымен қоса тағы да компанияларда бос орындар бар-жоқтығын сұрастырып жатырмыз. Орындар бар болса халықты бірден сонда орналастырамыз, - деді аудан әкімі Серікқазы Садвақасов.
Оның айтуынша, биылғы жылы ауданда 211 тұрақты жұмыс орны ашылыпты. 1640 көпбалалы анаға 20,7 миллион теңге жәрдемақы берілген.
Таунар ҚАЙРАТ