Тарбағатай ауданында жылқы ұрлаған 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жол сақшылары түнгі уақытта «Алматы-Өскемен» тасжолының 970 шақырымында «Лада Ларгус» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан мал еті табылды.
- Анықталғандай, Тарбағатай ауданының тұрғыны «Тайжүзген» учаскесінде жайылып жүрген жылқыны ұрлап кеткен. Малды сойып, етін Өскемен қаласына апара жатқан. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
tarbahatay_audanynda_zhylky_urlahan_er_ada
63