Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында ауылдар арасына автобус қатынай бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
46 шақырымдық бірінші бағыт аудан орталығы Ақсуат пен Екпін және Қарғыба ауылдарын жалғайды. Ал екінші бағыт 90 шақырымдағы Ақжар елді мекеніне күнделікті жүріп тұрады. Әзірге бұл шаруаны екі кәсіпкер атқарып отыр. Халықтың салмақ түсірмеу үшін жолақыны 50 теңгеден асырмау көзделген. Ол үшін аудан бюджетінен қосымша қаржы қаралған. Бұған әсіресе зейнеткерлер мен мектеп оқушылары қуанып отыр.
– Екі ауылға 2 миллион теңгеден есептеп отырсақ, жылына 4 миллион ақшаны бюджет есебінен бөлуге болады. Бұл, әрине, аудан бюджетіне көп ақша емес. Бірінші мәселе – халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, олардың осы кездесу кезінде айтқан сын-ескертпелерін орындау, – аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.