Жұмыс сапарымен Ойшілік ауылдық округіне барған аудан әкімі Серікқазы Садуақасов бірқатар әлеуметтік нысандардың жөндеу көретіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан басшысы былтыр Шыбынды-Ойшілік ауылдары арасындағы салынған жолдың кем-кемтігін түзеп, осы жылы Құмкөлден ары 3,5 шақырымдық жолды жөндеп жатқан "Зайсан құрылыс» компаниясының жұмысымен танысты.
Бұл ретте ауылдық округ әкімі де жол сапасына барынша мән беріліп жатқандығын жеткізген.
– Жалпы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасымен 979 млн. 783 мың теңгеге 22 аудандық, 4 облыстық жобаны іске асыру арқылы Тарбағатай ауданы бойынша көптеген әлеуметтік маңызды нысандарға орташа, ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Соның бірі – Ойшілік ауылындағы мемлекеттік «Әсем» балабақшасы. Мұнда ағымдағы жөндеуге 23 млн. 627 теңге бөлінген. Жұмысты "DK ENERGY» мердігер компаниясы қолға алды, – деді Серікқазы Құсайынұлы.