Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті Ақсуат ауылындағы «Оңалту орталығы» мекемесіне қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шара барысында оңалту орталығындағы емделуші балаларға азық-түлік пен киім-кешек және күнделікті тұтыну заттары табысталды.
— Біз осы мекемеге үнемі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып келеміз. Бұл аса сауапты іс. Осындай бағыттағы шаралар алда жалғасын таба беретін болады, дейді Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің қызметкерлері.
Қайырымдылық көмегін қабылдау сәтінде осы мекеменің басшылығы аудандық мешіт тарапынан үнемі ізгілік шарасы жасалатындығын айтып, алғыс білдірді.