Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың айтуынша, аталмыш мектеп толыққанды жөндеуден өткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Асусай елді мекеніне барып, мектеп директоры Қайрат Алибаевпен бірге Асусай мектеп-балабақша кешенінде болдым. Білім ордасы оқушыларға барынша қолайлы болуы үшін толыққанды жөнделді. Атап айтқанда, шатыры жаңаланды, линолеумы ауыстырылды, пластик терезелер қойылды, жылу қазандығы да ауыстырылды, – дейді аудан басшысы.
Бұл ретте мектеп басшысы тоқпен болғанда қыстағы бір жылу маусымында 4 млн. теңге шығын кетсе, отпен жылытылатынға ауысқандықтан ендігі қыста шығын көлемі де азаяды.
– Орта есеппен бір қыста 63 тонна көмір кетеді десек, бұл 1 млн. 260 мың болады. Алдағы уақытта ауылға жылдамдығы жақсы Altel интернет байланысын орнату да жоспарда тұр, – деді аудан әкімі.