Тарбағатай ауданының әкімі тағайындалды

2955
көрілім
Фотосурет www.burkit.kz сайтынан

Тарбағатай ауданының әкімі болып Асхат Смаилов тағайындалды. Ол бұған дейін Көкпекті ауданын басқарған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1994 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістер түсуін болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисі болып бастаған. Кейін Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бюджет бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2002-2005 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика бөлімін, кейін аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімін басқарған. Екі жыл Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті. 2009 жылдың желтоқсанында Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып, кейін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.