Тарбағатай ауданының Кіндікті ауылында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

426
көрілім

Әзірге ауылдағы қардың 50 пайызы кетіп, су басу қаупі азайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жауапты тұлға Кіндікті ауылдық округіне жұмыс сапары барысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарды пысықтады.

– Қазір ауылдың ішкі жолдары қардан тазартылды. Ауылдың бас жағындағы тасжолдың арғы бетіне қар суы жиналады екен жылда. Оның арнасын Тоғызтарау өзеніне қарай бұру үшін қорғаныс жолағы тартылған. Алғабас жақтан да өзенге қарай жолақ жасалған. Бұл қар суының үй аулаларына кірмеуінің алдын алу шаралары. Әзірге қардың елу пайызы еріді, су тасу қаупі жоқ деуге болады, – деді Серікқазы Құсайынұлы.