Тарбағатай ауданы, Екпін ауылының тумасы, іскер азамат Дулат Тұрсынұлы ауылдық мешіт жанынан заманауи футбол алаңын ашты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Алматылық кәсіпкер Дулат Тұрсынұлы мешіт қасына салынған спорт алаңының құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізген.
— Дулат Тұрсынұлы бауырымыз Алланың разылығы үшін, ел игілігіне деп мешіт жанынан футбол алаңын ашты. Бұл игі іс туған жерді көркейту бастамасына үн қосу. Біз үнемі кәсіпкер азаматтарға туған елді көркейтуге үлес қосуға шақырып отырамыз. Бұл сауапты шара соның бір нәтижесі, — дейді Тарбағатай ауданының бас имамы Айдын Жортымов.