Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Қарасора-2021» және «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегілерлдің айтуынша, Ақсуат ауылының 35 жастағы ер адам үйінің ауласындағы сарайдан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес затты тапқан.
Анықталған зат маман актісіне сәйкес ол салмағы 28,82 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
- Тергеу амалдарының санкциясына сәйкес 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазалары көзделген.