Желтоқсан айының 6-сы күні жедел жергілікті криминалдық полиция қызметкерлеріне аудан тұрғындарының бірі тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келіп түскен сигналды тексеру барысында 51 жастағы ер адам анықталды, оның тұрғылықты жерін тексеру барысында үйінен мылтық табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес табылған зат калибрі 5,6 мм «ТО3-16» ойық атыс қаруы болып шықты.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір тарбағатайлық тұрғынға қарудың қалай келгені, кімнен алғаны анықталуда. Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, - деді ПД бастығы Сағат Мадиев
Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сонымен қатар Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.