«Учаске» және «Браконьер» жедел алдын алу шаралары барысында тарбағатайлық азаматқа қатысты тергеу жүруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
38 жастағы Қызыл-Кесік ауылының тұрғыны қорасында 1962 жылы жасалған ойық ұңғылы мылтықты тығып ұстап келген. Үй маңында заңсыз сақтаған қару ТОЗ-16 модельді, калибрі 5,6 мм, аңшы мылтығы екендігі анықталды. Онымен қоса атуға жарамды болып шықты.
Ер адамға қатысты мылтық пен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.