Жақында Ақжар ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін ХХІ-халықтық спорт ойындары өткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аудандық әкімнің ресми сайтының ақпаратына сәйкес, Тарбағатай ауданы бойынша барлық ауылдық округтерден 17-команда және 1000 жуық спортшылар қазақша күрес, қол күрес, стол теннисі, ұлттық ат спорт түрлері (бәйге 3,2-шқ, 15-шқ, 25-шқ, көкпар) дойбы, шахматтан, тоғызқұмалақ жалпы спорттың 15 түрінен қатысты.
Аудан әкімінің жүлдесі үшін ХХІ халықтық спорт ойындарының қорытындысы
| № | Ауылдық округтерінің командалары | Ұпай | Орын |
| 1 | Ақжар ауылдық округі | 307 | І |
| 2 | Ақсуат ауылдық округі | 247 | ІІ |
| 3 | Көкжыра ауылдық округі | 206 | ІІІ |
| 4 | Екпін ауылдық округі | 204 | ІV |
| 5 | Жаңаауыл ауылдық округі | 200 | V |
| 6 | Қабанбай ауылдық округі | 188 | VІ |
| 7 | Маңырақ ауылдық округі | 186 | VІІ |
| 8 | Жетіарал ауылдық округі | 184 | VІІІ |
| 9 | Тұғыл ауылдық округі | 168 | ІХ |
| 10 | Құйған ауылдық округі | 153 | Х |
| 11 | Қарасу ауылдық округі | 143 | ХІ |
| 12 | Құмкөл ауылдық округі | 129 | ХІІ |
| 13 | Қызыл – Кесік ауылдық округі | 113 | ХІІІ |
| 14 | Кіндікті ауылдық округі | 106 | ХІV |
| 15 | Ойшілік ауылдық округі | 105 | ХV |
| 16 | Жантікей ауылдық округі | 96 | ХVІ |
| 17 | Сатпаев ауылдық округі | 89 | ХVІІ |

