Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында ақсақалдар алқасымен бірлескен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақ тілеулі абыздар» атты байқау өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Баталы ел арымас, батасыз құл жарымас» демей ме даналарымыз. Байқаудың бірінші бөлімі «Батаменен ел көгерер» деп аталып қариялар бата беруден сайысқа түссе, ал сайыстың екінші бөлімінде ақ жаулықты әжелеріміз халық даналығын жырлады. Сонымен қоса қыз балаларға ұлттық тағам жасауды үйретті.
Байқауға 78 қария қатысты. Шараның – мақсаты ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту болды. Сонымен қоса, жастарды имандылыққа, рухани тазалыққа шақыруды мақсат тұтты.
Қазылар алқасының шешімімен бата сайысында Қ. Бейсенбаев ақсақал бас жүлдеге , А.Тұрарбеков І-орын, Н. Батыров ІІ-орын, С. Абдікәрімов ІІІ-орынды қанжығалады. Әжелер ансамблдері арасында Бас жүлдені «Асыл әжелер» ансамблі, І-орынды «Аруана» ансамблі, ІІ-орынды «Өнеге» ансамблі , ІІІ-орынды «Парасат» әжелер ансамбльдері иеледі. Шараның соңы мерекелік концертке ұласты.