Тарбағатай ауданында ауызсумен қамтылған елді мекендер саны артып келеді, Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша ауданымызда 33 388 адам орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Жалпы 34 елді мекенге ауызсу тартылған. Халықтың ауызсумен қамтылуы 85,8 пайызды құрап отыр, – деді аудан әкімі Серікқазы Садвақасов.
Осы жылы ауданда 3 ауыл орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Жалпы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың ауызсумен қамтамасыз етілуіне 3 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалыпты.
– Жыл соңына дейін Байтоғас, Қызыл-Кесік, Екпін сынды ауылдарды орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі.
Таунар ҚАЙРАТ