Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында өткен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы Қазақ күресінен үшінші Әлем кубогі бүгін аяқталды. Тартысты өткен сайыста қазақ балуандары намысты қолдан бермей 3 салмақта да жеңіске жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тарбағатай ауданының орталығында ұйымдастырылған дүбірлі додаға 25 мемлекеттің балуандары қатысты. Әр салмақта әр елден бір балуан өнер көрсетті. Көмбеге 100 мың АҚШ доллары қойылған сайыста шыныққан шымырлар барын салды. Сіздерге тартысты өткен сайыстың қорытындысын ұсынамыз:
70 келі салмақта:
1 орын – Қасымхан Төленбаев, Қазақстан
2 орын – Мейірлан Ералиев, Қырғыз Республикасы
3 орын – Зият Аташашвили, Грузия
90 келі салмақта:
1 орын – Бекзат Ахметбеков, Қазақстан
2 орын – Сайтжамал Аймаралов, Тәжікстан
3 орын – Ракита Семян, Украина
90+ келі салмақта:
1 орын – Айбек Нұғымаров, Қазақстан
2 орын – Рустем Арсыланов, Ресей
3 орын – Еркін Данияров, Өзбекстан
Ерлан Бапанов