Татьяна Чучупалова. Киіздің жылуы мен әдемілігі

345
көрілім

Қолөнермен шұғылданатын адамдар қашанда құрметке ие болатын. Қолданбалы шығармашылық өнердің түрі ретінде, өз ойын білдіру тәсілі ретінде, бизнес, табыс көзі ретінде өмірде өзінің тауашасын негізді және берік орнатқан. Ол хобби мен кәсіби қызметті ұштастырады. Әсіресе, шығармашылығын жоқтан бастаған шеберлердің жұмыстары аса қызығушылық тудырады. Дәл осындай сәт Татьяна Чучупалованың өмірінде орын алған еді.

Верхберёзовка ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген бұл қыз ШҚМТУ-ін қызыл дипломмен аяқтап, оқыған мамандығы бойынша 4 жыл инженер-қоныстандырушы болып қызмет атқарады. Бірақ шығармашылыққа деген құлшынысына қарсы тұра алмайды. Осылайша қазақтың көне қолөнері киіз басумен айналысып келгеніне 10 жыл толып отыр. Нәзік, көк көзді, аққұба бойжеткен көне өнерге барлық жан-тәнімен беріліп, түрлі семинарларға, курстарға, мастеркласстарға, тренингтерге қатысады. Оқытуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «ДАМУ» орталығының қызметкерлері жүргізеді. Татьяна бизнес-жоспарлау мен өзінің кәсіпорнын ұйымдастыруды үйрене отырып, ғаламтор арқылы осы қолөнерді жетілдіруге машықтанады.

БҰҰ дамыту Бағдарламасына өтінім берген Таня туған кентінде шеберхана ашу үшін 4 миллион теңгеге грант ұтып алады. Бұл қаражатқа жас шебер үстел, стеллаж, киіз басатын машина сатып алып, бірнеше ай бойы өз қалауымен клеген адамдарды тегін оқытады.

Таня Астана, Бішкек, Біріккен араб Әмірлігінде өткен отандық және шетелдік жетекші қолөнершілердің мастер-класстарына қатысады. Қазіргі таңда Татьяна Чучупалованың шеберханасындағы бұйымдардың деңгейінің жоғарылығы оларды халықаралық көрмелерде, соның ішінде Астанадағы «EXPO-2017» көрмесінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Татьяна «Шабыт көзі» Балалар-жасөспірімдер орталығы» қоғамдық ұйымының жетекшісі болып табылады. Ол осы ұйымымен аймақта өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысады. « Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қолөнершілер арасында өткен кәдесый өнімдерін жасау бойынша конкурсқа қатысуы үлкен табыс алып келді. Жерлесіміз конкурстың мәресіне жетеді. 29 ақпаннан 1 наурызға дейінгі аралықта Қырғызстанан келген «Тұмар» компаниясының мамандары бұйымдарға, соның ішінде «Шабыт көзі» орталығының да бұйымдарына сарапшылық баға беріп, Татьяна қлттық киім қолөнершілері мен дизайнерлерінің «Ұлы дала жәрмеңкесі» атты Бірінші республикалық көрме-жәрмеңкесіне шақырту алады.

«Көрме-жәрмеңкені Қазақстандағы БҰҰ дамыту Бағдарламасы, «EXPO&Women» ұйымы және G-Global халықаралық секретариаты үйымдастырды, — дейді Татьяна Александровна. — Оған осы сектордың жүзден астам өкілі қатысты. Мен үшін бұл өте пайдалы тәжірибе болды. Барлық қалаушыларға тегін мастеркласстар өткізілді, ұлттық нақыштағы сәнді киім үлгісі көрсетілді. Екіншіден, қандай өнім сұранысқа ие екенін көріп, өз мүмкіндіктеріңді бағалай аласың. Осы жәрмеңкеде мен өзімнің hand-made бұйымдарымды жүзеге асырдым».

Көрме-жәрмеңке аясында ЕХРО 2017 көрмесінде тұтынушылардың кеңінен пайдалануына негізделген үздік кәдесый өнімін анықтау бойынша жалпы республикалық конкурс ұйымдастырылған болатын. Мұндай іс-шаралар қолөнерге ЕХРО 2017 этномәдени тауашасын және жалпы ішкі нарықты қазақстандық мазмұнмен толтыруға үлкен мүмкіндік береді.

Әрине, көрмелерге қатысып, жеңіске жетіп жүрген Татьяна өз жерлестерін де ұмытқан емес. Олардың әл-ауқатына қамқорлық жасайды, адамдарға көмектеседі, тәжірибелерімен, шеберлік құпияларымен бөліседі. Өзінің бизнесін кеңейтіп, зауыт ашу арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды армандайды.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.