Республика күнін мерекелеу қарсаңында 5518 әскери бөлімінде Таврия ауылының оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Экскурсия әскери бөлімнің техникасы мен қару-жарақ көрмесінен басталды. Жас көрермендер үшін кинология қызметі иттерінің жарылғыш заттарды іздеуде және жаудың шабуылында практикалық әрекеттерін көрсетті. Кейін оқушылар әскери бөлімнің клубында орналасқан Жауынгерлік даңқ мұражайын аралады. Онда балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы әскери бөлімнің қалыптасуы мен әскери қызметшілердің жетістіктерімен танысты.
Сонымен қатар, оқушылар үшін концерттік мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Соңында, әскери бөлімдегі сарбаздарының асханасында оқушыларға арнап кешкі ас ұйымдастырылды.