Президент көтерген бастама қазір тұрғындар арасында үлкен қолдауға ие болып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, 12 шілдеде ауданда «Таза ауыл» акциясы ұйымдастырылды.
- Ауылдың, өзен жағалаулары мен көшелерін тазалауға 150-ден астам адам шықты. Аталған шараға мемлекеттік мекеме, кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты, - деді әкімдік өкілдері.
Акция табиғатқа құрметпен қарауды насихаттауға бағытталған.
- Осы ретте бір жүк тиегіш, қоқыс шығаратын арнайы техника пайдаланылып, 500 келіге жуық қоқыс шығарылды, - делінген ақпаратта.