Өскемен қаласындағы онкология және хирургия орталығы «Ашық есік» күнін өткізбек. Қала тұрғындары мен қонақтары онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тегін тексеріле алады.
Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «Ашық есік» күні 26 қаңтарда өткізіледі. Тегін тексерілуге ниет білдірушілер сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін онкология және хирургия орталығына (бұрынғы онкологиялық диспансер) баруы тиіс. Медициналық мекеменің мекен-жайы: Серікбаев көшесі, 1 үй.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ