Теректі ауылының – Марқакөл аталуына орай Күршім ауданында спартакиада өткізілді

1783
көрілім

2017 жылдың 15-16 маусымы күндері «ЭКСПО-2017», халықаралық көрмесі мен Марқакөл тарихи атауының ауылдық округке және ауылға берілу құрметіне орай Марқакөл ауылында XIX cпорттық ойындары ұйымдастырылды. Шараға жиналған жұртшылықпен бірге барлық 12 ауылдық округтің спортшылары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, ақсақалдар, БАҚ өкілдері қонақтары қатысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

15 маусым күні ерлер, әйелдер командалары арасында волейбол, жеңіл атлетика, шағын футбол, қазақ күресі, гір спорты, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисінен басталды. Осы күні кешкі сағат 17.00-де Марқакөл тарихи атауының ауылдық округке және ауылға берілу құрметіне орай салтанатты жиын ұйымдастырылып өткізіліп, Марқакөл атауының атауының ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде аудан әкімі Сейсенғазы Чукаев көпшілікті құттықтай келе, Теректіні Марқакөл атау жөнінде ШҚО мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен таныстырып өтті. Бұдан кейін XIX cпорттық ойындарының ашылу салтанаты өз жалғасын тапты. Ашылу салтанаты барысында Күршім ауданы әкімі Сейсенғазы Чукаев ауыл тұрғандарын құттықтап сөз сөйледі. Ойындардың отын жағу құрметті спорт ардагері, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Еркін Карменовке тапсырылды.

16 маусым күні спорттық жарыстардың жалғасы ауыл шетіндегі ипподромда аударыспақ, бәйге 3,2, 15, 25 шақырымдағы, 5 шақырымдық жорға жарысымен өз жалғасын тапты. Аудан көлеміндегі 12 ауылдық округтерден келген 600-дан астам спортшы аталмыш шараға белсене қатысып қайтты.

Ойындарда бас жүлдені Күршім ауылдық округі, 2 орынды Марқакөл және 3 орынды Сарыөлең ауылдық округі иеленді. Спорттық ойындар барысында ұйымдастырылғын киіз үйлер байқауында 1 орынды Боран ауылдық округі, 2 орынды Маралды, Қалжыр ауылдық округі, 3 орынды Марқакөл, Ақбұлақ, Абай ауылдық округтері иеленді. Орын алған командаларға аудан әкімінің құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.