Марқа көлінің жағалауы қоршауға алынды. Онда тәулік бойы балық инспекторларының бақылау бекеті жұмыс істеуде. «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлерінің көмегімен жағдай жерде де, әуеден де қадағалануда.
– Осындай қатаң шаралар соңғы статистикадан кейін қолдана бастаған. Жыл басынан бері Қазақстанның шығысында 300-ден астам браконьерлік фактісіне жол берілмеді. Балықтың уылдырық шашу кезеңінде ғана 32 әкімшілік іс қозғалған. Облыстың жағалауда орналасқан бірнеше аудандарының тұрғындары жауапқа тартылды. Заңсыз балық аулаушылардан 300 келіден астам балық тәркіленді. Браконьерліктен түскен шығын биылғы жылы 4 миллионнан астам теңгені құраған, – деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Telegram арнасында.
ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Фархат Байбазаровтың атап өтуінше, 68 ау мен балық аулайтын 14 құрал алынған. Марқа өңірінде 10 бекет орнатылған.
– Онда инспекторлар күндіз-түні кезекшілік атқарып, ауысыммен жұмыс істейді. Біз аумақтық инспекциямен бірге кесте бойынша тұрақты түрде кезекшілікке шығып отырамыз, – деді ол.