Тимур Виситаев Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылынан шыққан. 1991 жылы 15 желтоқсанда туған. Пекин халықаралық университетін бітірген.
Қазір Тимур Русланұлы – «Виситаев Р.Д.» шаруа қожалығының басшысы.
Жас кәсіпкердің бірлестігінде жүгері, бұршақ, күнбағыс және т.б. жаңа заманауи сұрыптары егілетін бөлінген тәжірибелі орындар «Сингенттер» бар.
Өткен жылы Виситаевтардың шаруа қожалығында біздің жерге таңсық жануарлар пайда болды: екі өркешті түйелер, понилар, ауыр жүк таситын жылқылар. Мал шаруашылығы цехының бастығы А.А. Гончаровтың айтуынша, олар шаруашылық мақсатта емес, Весёловканың балалары қызықтау үшін әкелінген екен. Бұл шаруа қожалығының басшысы Тимур Русланұлының идеясы. Бұл жануарлар балалардың денсаулығы мен рухани дамуына жағымды әсерін тигізетіні белгілі.
Ұзақ уақыт бойы белгілі «Весёловский» совхозының мал қорасы қаңырап тұрды. Экономикалық репрессия кезеңінде фермалар босап, азып-тоза бастаған еді. Ғимараттар жартылай немесе толық қирап қалды. Бұл жердегі шаруашларды мал шаруашлығымен айналысуға ешкім де, ештеңе де көндіре алмайтындай болды.
Мынандай да тәжірибе бар еді: бірнеше жыл бұрын Шаруа қожалығының басшысы шошқа шаруашылығымен айналысып, ірі етті тұқымына үміт артты. Бірақ Веселовкада бұл бағыт жүрмей қалды. Кадрлар тапшы еді. Қайта орнаған тыныштықтан кейін үш жыл бұрын Виситаевтар етті бағыттағы ірі қара малдың жоғары өнімді тұқымы — қазақтың ақ бас сиырын өсіруді қолға алған еді.
Бұл шешім өте дұрыс болды. Базаларды жөндеп, қашаларды қоршап, өз өаражатына мал сатып алды. Ферманың жұмысы қайта жанданды. Бүгінде бұл жерде 400 сиыр, 100 бұқа мен 30 бұзау бар (қалғандарын облыстағы басқа қожалықтар сатып алды).
Қожалықтың қажетті жайылымдық алқаптары бар. Қазір мал шаруашылығына назар аударатын кез, мемлекет мықты қолдау көрсетіп отыр. 2016 жылы үлкен табыс көзіне ие болып отыр. Ал істі бастағандарына тек екі жыл ғана уақыт болған. Шаруа қожалығы даму жолында, мұнда барлығы тұрақты әрі сенімді.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медицина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.

