Тізімге жуырда іліккен әзірбайжандық палуан Данияр Қайсановқа қарсылас атануы мүмкін

2010
көрілім

Олимпиада ойындарында еркін күрестен Әзірбайжан елінің атынан жолдама иеленген палуанның орнына өзге отандасы шықпақ. Жеребе жолықтырып жатса, сол спортшы жерлесіміз Данияр Қайсановқа қарсылас атануы бек мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әу баста 74 келіге дейінгі салмақта Әзірбайжан намысын Хаджимурад Гаджиев қорғайды делінген еді. Дегенмен осыдан бірнеше апта бұрын Дағыстанның тумасы аяғынан ауыр жарақат алып, оқу-жаттығу жиынында жүрген жерінен ақ халаттыларға жүгінуге мәжбүр болған.

Осыған дейін Будапешт қаласындағы еуропалық іріктеу турнирінде сәтті белдесіп, төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама иеленгенімен енді Токиоға бара алмайды. Есесіне Әзірбайжан елінің күрес басшылығы бұл салмаққа біршама жас, ұлты үміт күтетін 20 жастағы Туран Байрамовты қоюды жөн көрді.

Айта кетейік, 74 келіге дейінгі салмақта көкпектілік Данияр Қайсанов бақ сынайды. Бәлкім іріктеу белдесулерінің бірінде осы Байрамовпен жолығып қалуы кәдік.