Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды

468
көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің шәкіртақысын 25%-ға көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 2020 жылы 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25%-ға көтерілсін. Бұл 130 мың адамды қамтиды, - деп тапсырды ҚР Президенті Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында.

Сонымен қатар ел Президенті колледжде оқитын студенттердің де шәкіртақысы көтерілетінін айтты.

- Келесі жылы қыркүейек айынан бастап жұмысшы мамандықтарында білім алатын 122 мың студенттің шәкіртақысы 30 %-ға көтеріледі, - деді Тоқаев.