– Жол қиылысында арнайы қызмет көліктеріне (жол-патрульдік полициясының, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері) тоқтау сызығынан аса отырып жол беруіме бола ма? Егер көше қиылысында ереже бұзушылықты автоматты түрде тіркейтін фото және бейнекамералар орнатылған болып, олар менің тоқтау сызығынан асқанымды түсіріп алса не істеймін? Қажет болған жағдайда мен бұл әрекетті мәжбүрлі түрде істегенімді дәлелдей алам ба?
Ердос, Өскемен қаласы
Сіздің сұрағыңызға ШҚО Ішкі істер департаменті жауап берді:
– Мұндай кездері жүргізуші көк түсті жарқылдауық маяктарын қосып, шұғыл түрде оқиға орнына кетіп бара жатқан арнайы қызметтің көліктеріне жол беруге міндетті. Егер оның тоқтау сызығынан асып кеткені ереже бұзушылық ретінде тіркеліп қалса тұрғылықты жері бойынша әкімшілік полиция бөлімшесіне жүгінуі қажет. Түсірілген материалдар (фото және видеотүсірілімдер) зерттелгеннен кейін ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аталмыш ескертуді алып тастау жөнінде сәйкес шешім шығарады.