Төлемнің көлемі

487
көрілім

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ең төменгі есептеу көрсеткіштері өзгеріске ұшырайды.

Жаңа заңмен ең төменгі жалақы мөлшері 29 698 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері — 16 037 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері — 36 108 теңге болып белгіленді. Ал жердемақылар мен түрлі әлеуметтік төлемақыларды, айыппұл санкцияларын, салық пен басқа да төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңгені құрамақ.

Келесі жылдың басында ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңгені құрайтын болады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ