Төменгі жалақыны арттыруға бағытталған қосымша шаралар топтамасын әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
- Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсті. Осылайша халық табысының өсіміне қол жеткізілді. Алайда, негізінен мемлекеттік қолдау шараларының арқасында орын алды. Қалған секторларда шынайы өсім біршама төмен. Көп жағдайда бұл инфляцияның жоғары деңгейімен, әсіресе шынайы кірісті «жеп қоятын» тұтынушылық тауарлармен түсіндіріледі. Бұл топтағы тауарлар инфляциясы шамамен 10 пайыз болды. Мен бағалармен жұмыс істеуді тапсырған едім. Өкінішке орай, тиісті министрлер де, әкімдер де бұл жұмысты сәтсіздікке ұшыратты. Біздің экономикамыздың жай-күйімен, шетелдік нарықтардағы бағаның құбылмалығымен байланысты объективті қиындықтардың бар екендігін түсінемін. Бірақ, бұл жұмысты сапалы орындау қажет еді. Ең бастысы менің тапсырмам орындалуы тиіс. Азаматтарымызға аса қажетті азық-түлік бағасы орташа есеппен 10 пайызға өсті, - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бәсекелестікті дамыту және халықтың кірісін арттыру тапсырмасын орындай алған жоқ.
- Сондықтан өңірлік тұрақтандыру қорлары да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің заттар қорын құрудың тиімділігі аз тәжірибесінен балама құралдарға көшуді қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың нақты кірістерін, оның ішінде біздің негізгі серіктестерімізден айтарлықтай артта қалып отырған төменгі жалақыны арттыруға бағытталған қосымша шаралар топтамасын әзірлеу қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.