Тоннасы - 15000 теңге. Қала әкімдігіндегілер көмірді ертерек сатып алуға кеңес береді

192
көрілім
Фотсоурет GOV.KZ

Шаһар басшылығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында шілдеде баға қымбаттайтыны жазылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- «Қыстың қамын жаз ойла» деген тәмсіл текке айтылмаған. Сол себепті, күз уақытында кезекте тұрмай, әлеуметтік көмірді жаз уақытында сатып алуға шақырамыз! Қазіргі уақытта «Каражыра» акционерлік қоғамымен жасалған меморандум аясында Өскемен аумақтық басқару орталығында әлеуметтік бағадағы көмір сатып алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, - делінген ақпаратта.
Жауапты тұлғалар әлеуметтің осал тобына жататын 6500-ден астам отбасы көмірді нарықтағы бағадан 500 теңге төмен бағамен сатып алуға болатынын хабарлады.
- Маусым айындағы көмірдің бір тоннасы - 15000 теңге, шілде айында 15300 теңгеге көтеріледі. Ардагерлер қоғамдық бірлестігі тарапынан қатты отынды қала ішінде қолжетімді бағада жеткізу үшін 15 көлік қолданысқа берілді, - делінген мәліметте.