«Торпедо» командасының 19 жастағы қақпашысы қайтыс болды

426
көрілім
фотосурет hctorpedokz әлеуметтік желідегі парақшасынан
Тамыз айының 2-сі күні «Торпедо» жастар хоккей командасының қақпашысы Иван Пыленок кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Белгілі болғандай, спортшы сол күні өзін жайсыз сезінді.
- Спорт сарайының дәрігерлері мен қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, іле жедел жәрдем шақырылды. Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, қақпашымыз Иван ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады "Торпедо" хоккей клубы өкілдері.
Иван Пыленокты 4-ші тамызда Спорт сарайында ақтық сапарға шығарып салды.