«AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының «Онкоцентр» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтіп, онда партияның Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды.
Жиынды ашқан бастауыш ұйым төрағасы Кухарева Анна Александровна «AMANAT»- қоғам мен мемлекет игілігі үшін барлық жауапкершілікті өз мойынына алып, жұмыс істеп келе жатқан партия екенін тілге тиек етіп, осы орайда қара бастың қамы емес, мемлекеттің, ұлттың келешегі мен қауіпсіздігі үшін өзінің Саяси Тұғырнамасы жобасын әзірлеп, қоғам талқысына салып отырғандығын жеткізді.
Жиында бастауыш ұйым мүшелері саяси құжаттың әрбір бағытының маңыздылығына тоқталды.
«Біз қарапайым медицина саласының қызметкерлеріміз. Деседе бүгінгі жиынан түйгеніміз партияның жаңа Саяси тұғырнамасындағы басымдықтардың заман талабына сай жасақталғанды. Партия мүшесі болғандықтан бұл бағыттағы бастамаларды қолдауға дайынбыз»,- дейді Онколог-дәрігер Бекзат Мукадиева.
Жиын соңында күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының ХХІХ кезектен тыс конференцияға делегаттар сайланды.