Тұрғындар үшін тосын жай емес

377
көрілім

Облыс орталығының Жібек маталар комбинаты шағын ауданында қала тұрғындары бейнетаспаға қырдан түскен қоянды түсіріп алған. Әлеуметтік желіде талқыға түскен жайт қаланың аталмыш ауданындағы тұрғындар үшін тосын жай емес көрінеді, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

Тұрғындар түз тағысын Сәтпаев даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан байқап қалған. Әлеуметтік желіде жарыса пікір жазған ЖМК шағын ауданының тұрғындары мұның тосын жай емес екенін айтып, қаланың аталмыш бөлігінде, әсіресе шағын ауданның облыстық Қан орталығы орналасқан аумағында қояндардың көп кездесетінін алға тартты.

Қоса кетсек, Шығыс Қазақстан аумағында Батыс Сібір және Алтай таулары аумағын мекендейтін қояндардың орқоян, аққоян және құмқоян сияқты түз тағысының түрлері жиі кездеседі.

Ерлен ОСМАНОВ