15 маусым күні Өскемен қаласының прокуроры тұрғындарға қабылдау жүргізеді.
ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда облыс орталығының прокуроры Марлен Сламбеков қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Шара қала әкімдігінің ғимаратында, яғни Пермитин көшесі, 17 мекенжайында өтеді. Алдын ала жазылу үшін 8(7232)-26-85-68 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады. Қабылдау уақыты 10.00-13.00 аралығында ұйымдастырылмақ.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ