Тұрғындардың әлеуметтік көмек алуы қатаң бақылауда болмақ

410
көрілім

«ШЫҒЫС Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Елена Березинская-Абилова жаңа заң жобасы жайлы талқылап берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Елена Березинская-Абилованың айтуынша, кепілді көмек тұрғындар үшін стимул болмақ.

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып өткен жаңа жылдан бастап енгізілмек болған заң жобасы азаматтардың өміріне үлкен серпіліс бермек. Сонымен қоса заңсыз жолмен атаулы әлеуметтік көмек алмақ болғандарға ешқандай мүмкіндік жоқ, – дейді жоба кеңсесінің басшысы.

Кепілді әлеуметтік пакеттің болуы өз пайдасын тигізбек. Онымен мемлекет қаржысы көмек ретінде тиісті тұлғаларға жетеді. Бұл өз кезегінде жанұяларға түсетін материалдық ауыртпалықты біраз жеңілдетуге ықпал етпек.