2017 жылдың 3 сәуірінен бастап «Қазақстанның Тұрғынүй Құрылыс Жинақ банкі» АҚ тұрғынүй құрылыс жинақтары мен келісімшарт сомасын ұлғайту бойынша жасалатын келісімшарттардан жиналатын алымды алып тастады. Дегенмен, депозитке алғаш енгізілетін жарна 15 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Комиссиялық алымның алынып тасталуы әлеуметтік маңызы болғандықтан депозиттер ашу санының өсіміне жол ашты. Мысалы осыған дейін банктің ШҚО филиалында күніне 60 депозит ашылса, комиссия алынғаннан кейін ол көрсеткіз 130-ға өсті.
Естеріңізге салсақ, көрсетілген қызметтерді көрсетуде алынатын комиссиялық алым осыған дейін келісімшарт сомасы мен депозит сомасының өсіміне қарай 0,55 пайызды құраған болатын.
Клиенттер қажетті ақпаратты Банк бөлімшелері мен қаржы кеңесшілерден ала алады. Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің қаржы кеңесшілері өңірдің барлық аумақтарында жұмыс істейді.
Байланыс ақпараты:
Өскемемн қаласы, Головков көшесі, 25/1. Тел: 8 708 440 26 32, 8 (7232) 40 26 32;
Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2. Тел:8 (7232) 75 39 70;
ШҚО, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2. Тел: 8 (72237) 3 33 34
Азамат Темірбеков