Түркістан облысында жарылыс болды

365
көрілім

Түркістан облысының Арыс қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

 Тұрғындардың сөзінше, оқ-дәрі сақтайтын қоймада жарылыс болған.

- Бүгін таңертең сағат 9:20-да өрт сөндіру бөліміне әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды деген хабар түскен. Оқиға орнына жеке құрамнан 30 адам мен сегіз өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

 Еске салсақ, 2009 жылы Арыс қаласындағы қойманың бірінде жарылғыш заттар өртеніп, оқ-дәрілер жарылған болатын. Салдарынан 3 адам мерт болып, 17 адам жарақат алды. Жарылыс салдары –  жарылғыш заттарды дұрыс сақтамаудың себебінен деп тіркелген.