Түркиядан келген ұстаздар Берел қорғанында болып қайтты

939
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне Түркия мемлекетінен келген ұстаз Жевдет Аташман мен қари Өмер Күчикбалташоғылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы өлкесіндегі әйгілі Берел қорғанында болып қайтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берел қорғаны Түрік қағанаты дәуіріндегі көне жәдігерлер табылған, тарихи өлке ретінде белгілі. Түрік ұстаздарын «Берел қорғаны» мұражай қызметкерлері жылы шыраймен күтіп алып, «Патшалар жазығы» қорғанымен таныстырды. Түрік қағанатының алтын дәуірінен құнды деректер айтып берді.

Алтай – түркі әлемінің алтын бесік, атажұрты. Біз мұны тарихтан білеміз. Бүгін бізді осы өңірге әдейілеп атамекенімізбен таныстырған Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлына алғыс айтамыз. Берел қорғанынан ұмытылмастай әсер алдық. Алтайдың сұлу табиғатымен саф ауасы да ерекше ұнады, – деп атап өтті Жевдет Аташман.

Түрік ұстаздары өкілдіктің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имам Досжан Үмет бастап апарып, Алтайдың сұлу табиғатымен, өзге де тарихи орындарымен таныстырды.