Түрмеден шыққандарды жұмыспен қамту үшін Өскеменде «Пробация үйі» ашылды

717
көрілім

Өскемен қаласында түрмеден шыққан азаматтарды өмірге бейімдеу үшін тұңғыш рет «Пробация үйі» ашылды. Ниет білдірушілер ШҚО Прокуратурасының бастамасымен құрылған орталыққа 1 шілдеге дейін бара алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Пробация үйі» халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар базасында  құрылған. Енді қаланың пробация қызметінде есепте тұрғандардың барлығы орталыққа келіп, әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады. ШҚО Прокуратурасының бұл бастамасындағы негізгі мақсат – түрмеден шыққан азаматтардың қайтара қылмыс жасауының алдын алып, өмірге бейімдеу болып отыр. Ниет білдірушілерге психологиялық және заң көмегі көрсетіліп, жұмыс орындары ұсынылады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда кешкі мектептер мен кәсіби лицейлерге білім алуға жіберіледі. Бұдан басқа, бостандыққа шыққандардың зейнетақы, жәрдемақы рәсімдеуіне көмектесіп, бизнес ашуға, несие алуға да қол ұшы созылады.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ