Түзету жеңілдеді

523
көрілім

Елімізде құжаттағы қателерді түзету үрдісі жеңілдеді.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлауынша, eGov.kz порталында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметі енгізілді.

- Мысалы, баланың туу туралы акт жазбаларында қандайда бір қателіктер байқалған болса, оның әке-шешесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберіп қателіктерді түзеттіре алады, - дейді компания өкілдері.

Қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін құрайды. Қызмет "электронды үкімет" порталының басты бетінде орналасқан.

Ерлен ОСМАНОВ