ТЖД Тұрғысын СЭС-дағы жағдайға түсініктеме берді

284
көрілім

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Тұрғысын өзеніндегі су деңгейі қалыпты жағдайда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Еске салсақ, Алтай ауданында салынып жатқан Тұрғысын СЭС-де болған оқиға туралы хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, Тұрғысын өзенінде су деңгейі көтеріліп, құрылыс орнында бірнеше нысанды су басқан. Абырой болғанда зардап шегушілер мен құрбан болғандар жоқ.

- Кешегі күні су деңгейі шынымен көтерілді, бірақ судың арнасынан асып, тасып кетуі болған жоқ, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. - Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. ТЖД басшылығы оқиға орнында болып, жағдайды бақылауға алуда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұрғысын су электр станциясында су деңгейі тұрақты назарда.

Сонымен қатар Алтай қаласының тұрғындары Хамир өзені биыл „асау мінез“ танытып жатқандығын айтады.