ҰБТ мен емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

599
көрілім

Биыл қорытынды емтихандар мектептерде 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, ал Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусымы аралығында өтеді. 11-сыныптың түлектері 29 мамырда қазақ тілі мен әдебиетінен (орыс тілі мен әдебиеті, қай тілде білім алуына байланысты) жазбаша түрде, яғни эссе жазады. Орыс тілді мектептерде қазақ тілінен тестілеу және қазақ тілді мектептерде орыс тілінен тестілеу бір күнде – 2 маусымда өтеді. Алгебра мен анализ бастамасы пәнінен жазбаша емтихан 6 маусымға белгіленген. Ал Қазақстан тарихынан ауызша емтихан 9 маусымда өтеді.

– Ұлттық бірыңғай тестілеу – Жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында қабылданады. Ал тестілеудің өзі 20 маусым – 1 шілде аралығында өтеді, – деді министрліктегілер.

Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың ЖОО-ларына түскісі келетін абитуриенттер ҰБТ-ны өзі таңдаған оқу орнында тапсырады.

Айта кетейік, ҰБТ тапсырудың 165 пунктінің 115-і мектептерде орналасқан. Әрбір мектепте мұғалім техникалық хатшы ретінде өтініштерді қабылдап отырады. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде Қазақстандағы барлық 11-сынып оқушыларының 35 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Мейрамбек ҚОСАЖАН