Уэльстің оңтүстігінен табылған ерте Орта ғасырға жататын бейіт археологтарды аң-таң етті. Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
6-7 ғасырлардағы жетпіске жуық жерлеу орны ішінде әзірге тек 18 тас мола ғана толық зерттелген
Қаңқалар жақсы сақталған, олардың кейбірі ерекше күйде жерленген.
Зираттан табылған қару мен басқа бұйымдар бір қарағанда сол кезең мен жерлеу сипатына сай келмейтін тәрізді. Осы мәселе археологтарда көптеген сұрақ тудырды.
Көне бейіт Уэльс астанасы Кардифф әуежайының ұшу-қону жолағы жанында, Фонмон қамалына жақын тұстағы ешкім мән бермеймін жерде орналасқан.
Бірақ топырақтың беткі қабатын мұқият алып, көне молаларға жету үшін археологтардың екі жыл уақыты кеткен.
Себебі жұмыстар тек жаз мезгілінде, жылы кезде жүргізілуі қажет болды.
Рединг университетінде ежелгі қаңқалардың ерекшеліктерін зерттейтін ғалым Саммер Кортстың сөзінше, 1500 жылдық адам қаңқасы таңғаларлықтай жақсы сақталған.
Бірақ ең түсініксізі — табылған бұйымдарға назар аударар болсақ, мұнда жерленген адамдарды қоғамның қарапайым өкілдері болған деп айту қиын.
Мәселен, молалардың бірінен сауыттың бір бөлігі табылды.
Шынының қалыңдығы мен уақытын ескерсек ол бұл жерге контингенттен, қазіргі француздық Бордо провинциясынан әкелген тәрізді.
Теңіздің ар жағындағы тұрғындармен сауда-саттықтың болғанын дәлелдейтін басқа да заттар, оның ішінде Африка контингентінің солтүстігінен әкелінуі мүмкін керамика бөліктері табылды.
Қатардағы адамдарда мұндай қымбат әрі сапалы заттар болуы мүмкін емес.
«Бұл адамдар сапалы импорттық тауарларға қол жеткізе алғанын, оны сауда жолдары арқылы әлдебір байлар жеткізіп отырғанын дәлелдейді», — дейді Кардифф университетінің ғалымы Тюдер Дэйвис.
Көмілген заттардың нақты қай уақытқа жататынын анықтау үшін ДНҚ талдауын жасау қажет. Ол құпияны ашуға көмектесіп қалар.