Іскер әйелдер Ассоциациясы мен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері бойынша комиссия мүшелерінің ұйымдастырумен Ұлан ауданының Бозанбай ауылында қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ауданның іскер әйелдері мен жеке кәсіпкерлер он балаға спорттық киім алып берді. Іс-шараның мақсаты - аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек және қолдау көрсету. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен болуы себептермен мектепке бара алмайтын балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару
Іскер әйелдер Ассоциациясының төрайымы А. Ибраимова қатысушыларға өз лебізін білдіріп сөз сөйледі. Акция барысында ауылдың көп балалы және аз қамтылған тұрғындары өздеріне қажетті заттарды, ойыншықтарды таңдап алды. С. Мұқашев атындағы Мәдениет үйінің әншілері жиналғандарға әннен шашу шашты. Акцияға жиналған тұрғындар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.